Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары екі айға қамауға алынды

Халық үні

Ғалымжан Ниязов 2020 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ғалымжан Ниязов, фото: wikipedia.org

Қаржы мониторинг агенттігінің қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты ұстады.

Ол сұйылтылған мұнай-газын жеткізу саласына жауапты болған. Қазіргі таңда қызметтік уәкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ғалымжан Ниязовқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүріп жатыр. Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты таратылмайды, - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратында.

Ғалымжан Ниязов 2020 жылдың 26 маусымында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.