Арай Нұрлыбекова Ислам ойындарының күміс жүлдегері атанды
Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында бүгін ел қоржынына 14-ші алтын мен 3 күміс және 3 қола жүлде түсті.
Атап айтар болсақ көркем гимнасшы Эльжана Таниева бір алтын мен екі қолаға қол жеткізсе, ауыратлетші Арай Нұрлыбекова (76 келі) үш күміс иеленді және көркем гимнастиканың командалық сынында жерлестеріміз үшінші орын алды.
Елжаңа жеке жаттығуда алтыннан алқа тағынса, шығыршық пен таспа жаттығуларында қос қоланың иесі атанды.
Ал Арай болса жұлқа көтеруде 94 келі, серпе көтеруде 121 келі көтеріп, қоссайыс қорытындысында 215 келімен Ислам ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Суретте: Ислам ойындарының күміс жүлдегері Арай Нұрлыбекова марапаттау сәтінде