Ауруханаларға жеткізілгендердің көпшілігі - шіркеу жанындағы жексенбілік мектепте оқитын балалар
Жексенбіде Каирдағы шіркеулердің бірі отқа оранып, 40-тан астам адам қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы Мысырдың Al-Masry Al-Yaum газеті құқық қорғау органдарындағы дереккөздеріне сілтеме жасап, жазды.
Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерді эвакуациялау үшін оқиға орнына 30-дан астам жедел жәрдем көлігін аттандырды. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ауруханаларға жеткізілгендердің көпшілігі - шіркеу жанындағы жексенбілік мектепте оқитын балалар.
Зардап шеккендер Имбаба ауруханасы мен көршілес Агуз ауданындағы медициналық мекемелерге жеткізілген.
Президент Абдель Фаттах ас-Сиси мемлекеттік органдарға зардаптардың салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды