V Исламиада: Қазақстан құрамасы 1 күміс, 1 қола жүлде иеленді

Дастан Жұмабекұлы

Өзбек спортшысы бірінші, қырғыз атлеті екінші орынға шықты

фото: ашық дереккөз

Түркияның Кония қаласында өтіп  жатқан V Ислам ынтымақтастық ел қоржынына бір күміс, бір қола жүлде түсті. Екі жүлденінің де иегері ауыр атлетикадан 89 килода сынға түскен Асылжан Бектай.

Асылжан жұлқа көтеруде екінші орынға ие болса, серпе көтеруде төртінші орында қалып қойды. Десек те ол қоссайыс қорытындысы бойынша 353 кило нәтижемен Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл салмақта қоссайыс қорытындысында 366 килоны басынан асырып, үш дүркін рекорд орнатқан өзбек спортшысы Сарварбек Зафаржанов үш алтын жүлдені жеңіп алды. Жұлқа көтеру мен серпе көтеруде екі қолаға ие болған қырғыз спортшысы Эмиль Молдасанов қоссайыс қорытындысы бойынша Исламиаданың күміс жүлдегері атанды.