Астананың іргесіндегі ауылда жарылыстан бір адам қаза тапты

Халық үні

Екі адам жарақат алды. Оның біреуі бала

Фото: ашық дереккөздерден

Ақмола облысы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылында тұрғын үй ауласында жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алған. Оның біреуі төрт жасар бала.

Қайғылы оқиға таңертең болды. Үй иесі көмір түсірген. Соны кіргізіп жатқанда жарылыс болған. Нақты не жарылғаны белгісіз. Үйде бір ғана газ балоны болыпты, ол түсірген көмірдің жанында тұрған, –  дейді ауыл әкімі Парасат Мусабекұлы.

Оның айтуынша, оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.