Ол - «Шайтанның шығармалары» романының авторы
АҚШ-та «Шайтанның шығармалары» романымен кеңінен танымал болған тегі үнді, Ұлыбританияның жазушы Салман Рушди шабуылдан өзіне келіп, сөйлей бастады.
Кеше оған Нью-Йоркте дәріс беріп жатқанда шабуыл жасалған болатын. Ол пышақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізіліп, ауыр жарақаттан аман қалды. Дәрігерлердің айтуынша, ол бір көзінен айырылуы мүмкін.
75 жастағы жазушыны пышақтағасы келген күдікті ұсталды. Ол 24 жастағы Нью-Джерсидің тұрғыны Хади Матар болып шықты. Күдікті көп ұзамай қамауға алынды.
Рушди сахнаға шығып, оны көпшілікке таныстырып жатқан кезде шабуыл жасалған. Куәгерлердің айтуынша, шабуыл жасаған адам бетпердеде болып, Рушдиге бірнеше рет пышақ сұққан. Күдіктіні ұстауға залда отырған адамдар көмектескен.
Салман Рушди «Шайтанның шығармалары» романының авторы. Бұл кітап 1988 жылы жарыққа шыққан. Кітап Иран Ислам Республикасында наразылық туғызған. 1989 жылы Иран жетекшісі аятолла Рухолла Хомейни жазушыны өлім жазасына кесуге бұйрық берген.