V Исламиада: Қазақстан спортшысы рекорд жасады

Дастан Жұмабекұлы

Ел қоржыны бір алтыны, төрт күміс және екі қола жүлдемен толықты

фото: ашық дереккөз

Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан спортшылары 7 жүлдені жеңіп алды

Бұған дейін хабарланғандай, 50 метрге брасс әдісімен жүзуден Аделаида Пчелинцева 31:71 секунд нәтижемен рекорд жасап, Ислам ойындарының чемпионы атанды.

Әйелдер күресінен 68 килода сынға түскен Мадина Бақбергенова мен көркем гимнасшы Эльжана Таниева және ауыратлетші Алексей Чуркин (73 кг) күміс жүлдені иеленді. Бұдан басқа Эльжананың қола жүлдесі де бар. Көркем гимнастикадан командалық сайыста Қазақстан тағы бір қола медальге ие болды.

Өкінішке қарай, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бесінші орынға түсіп кетті. Әзербайжан елі спортшыларының алтын жүлделері бізбен бірдей болғанмен күмістері көп. Топ басында жеке-дара көш бастаған Түркия құрамасы. Екінші орында 27 алтын жүлдемен Иран болса, үздік үштікті Өзбекстан түйіндеп тұр.