Ислам ынтымақтастық ойындары: қазақстандық суға жүзуші алтын медаль жеңіп алды
Аделаида Пчелинцева брасс тәсілімен жүзуде 50 м қашықтықты 31.71 секундта бағындырды.
Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс тәсілімен жүзу жарысында топ жарып, Ислам ынтымақтастық ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Сондай-ақ, осы жарыстың рекордын жаңартты.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жанындағы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ел қоржынында 13-алтын медаль және Ислам ынтымақтастық ойындарының рекорды! Финалда Аделаида Пчелинцева брасс тәсілімен жүзуде 50 м қашықтықты 31.71 секунд уақытта бағындырып, Ислам ойындарының рекордын жаңартты. Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, қарсылас шақ келтірмеді. Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді күміс және қола медаль алды, ал жерлесіміз алтын медальды олжалады, – делінген хабарламада.