Halyq Uni логотип
×

Зульфия Чиншанло қатарынан 3 алтын медаль иеленді

Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді

 Халық үні 13.08.2022 | 12:38
Зульфия Чиншанло қатарынан 3 алтын медаль иеленді
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитеті

Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Ислам ойындарында үш бірдей алтын жүлдені жеңіп алды.  

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлімдеді.

 59 келіде сынға түскен қазақстандық ауыр атлет жалпы есепте 220 келі (95 кг+125 кг) зіл темірді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Ойын 8 тамызда басталған, 18 тамызда мәресіне жетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама