×

Мәжілістің аппарат басшысы таныстырылды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палата бюросы өтті

 Ербол Тұрымбет 04.02.2022 | 14:32
Ренат Айтаев, фото: parlam.kz

Отырысты ашқан Ерлан Қошанов өңірлерге сапарлар жаңартылған форматта ұйымдастырылуы тиіс екенін алға тартып, депутаттар өздері жақсы білетін, ең бастысы, өздерін қабылдайтын және мақсатты аудиториясы бар аймақтарға баруы керектігін және халықпен кездесулері тек облыс орталықтары мен ірі қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де өткізілуі қажеттілігін атап өтті.

Басты назарда Қаңтар оқиғасы салдарынан елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру болмақ.

Бюро отырысы барысында депутаттар талқылауына құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды. Депутаттар бірқатар түзетулер енгізді: атап айтқанда, құқық қорғау қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, олардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын арттыру, сондай-ақ, зейнетақымен қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне қатысты мәселелер қарастырылған.

Сонымен қатар бюро отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата аппаратының жаңа басшысы Ренат Құрметжанұлы Айтаевты таныстырды. Ол бұған дейін Президент әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдады
29.03.2023 | 12:41

Тәжікстанда Украинадағы соғыста қаза тапқан азамат жерленді

Ислом Саидмуродовтың артында 3 баласы қалды
29.03.2023 | 12:22

Атырау облысында заңсыз ауланған 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр
29.03.2023 | 12:12

Ақтөбеде пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылды

Сондай-ақ 13 жастағы қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды
29.03.2023 | 11:48