Halyq Uni логотип
×

Елімізде 1 дозасы 2 млн доллар тұратын дәрі сәбидің өмірін жалмады

Денсаулық сақтау министрлігі сәбидің өліміне қымбат дәрінің кері әсері тигенін енді растап отыр

 Еркеғали Болатұлы 13.08.2022 | 10:20
Елімізде 1 дозасы 2 млн доллар тұратын дәрі сәбидің өмірін жалмады
фото: ашық дереккөз

Елімізде 1 дозасы 2 миллион доллар тұратын швейцариялық Novartis фирмасының Zolgensma препаратын қабылдаған 1 жасар сәби көз жұмды.

Нақтырақ айтқанда, арқа бұлшықеті атрофиясын емдеуге қолданылатын әлемдегі жалғыз дәріден баланың бауырына салмақ түскен.

Препарат баланың салмағына қарай есептеп салынды және күнделікті жағдайын бақылауда ұстадық, - деседі мамандар.

Алайда, шетелдік әріптестерімен бірлесе сараптама жүргізген Денсаулық сақтау министрлігі 16 мамырда көз жұмған сәбидің өліміне қымбат дәрінің кері әсері тигенін енді растап отыр.

«Сол уколдан кейін дәл 13 мамырда аяғын басты. Кішкене дауысы шықты. 14-інен бастап ауырды, 15-і күні ауруханаға апардым. 16-сы күні балам шетінеп кетті», - деді КТК телеарнасына телефон арқылы жауап берген сәбидің анасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама