×

«Еден жуушыларға артық ақша жіберіп, өздері алған»: мектеп қызметкерлері 197 млн теңге жымқырған

Есепшілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды

 Халық үні 12.08.2022 | 22:51
фото: ашық дереккөзден

Елорда мектептерінің бірінде есепші мен шаруашылық қызметкері 7 жыл бойы мемлекет қаражатын жеп келген. Олар бұл қылмысты өздерінің қызметтерін пайдаланып жүзеге асырған. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды. 

Еден жуушылардың есепшотына артық ақша аударып, кейін «қателесіп кетіппіз» деп өзара бармақ басты, көз қысты іс-әрекетпен мемлекет бюджетінен түскен қаражатты бөлісіп келген. Жалпы сомма - 197 миллион теңге. Есепшілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. 

«Ұлттық координациялық  жедел медицина жоқ аппаратураны қабылдап, Сол жоқ аппаратураларға ақша аударылған. Іс жүзінде ол аппаратуралар келмеген, қағаз жүзінде бәрі қабылданған. Қазақстан елінің, қазақ халқының салығынан бюджетке түсетін ақша қаражаттары жымқырылып отырған»,- дейді Нұр-Сұлтан қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаменті басөармасының аса маңызды істер жөніндегі қызметкері Асанғазы Серғазыұлы. 

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері  осындай 22 қылмыстық іс тіркеліп, оның 9-ы сотқа жолданған. 15 азамат жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама