×

Теннисші Жібек Құламбаева Өскемен турнирінде сенсация жасады

Қазақ спортшысы финалға шықты

 Дастан Жұмабекұлы 12.08.2022 | 18:00
фото: ашық дереккөз

Теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Өскемен қаласында өтіп жатқан ITF W25 –  Kazzinc Open турнирінің финалына шықты.

Ол жекелей сында отандасы Гөзал Айнитдиноваға жол бергенімен, ресейлік Екатерина Казионовамен бірге жұптық кездесулерін сәтті өткізді.

Ж. Құламбаева мен Е. Казионова жартылай финалда ресейлік Полина Яценко –  Беларусь өкілі Дарья Шаухамен кездесті.

Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ. Есеп –  6:0, 6:0.

Ертең, 13 тамыз күні Жібек Құламбаева мен Екатерина Казионова ресейліктер Екатерина Маклакова мен Александра Поспеловаға қарсы ойнап, бас жүлдені сарапқа салады.

Бұған дейін Гөзал Айнитдинова Өскемен турнирінің жартылай финалына шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама