Желіде экс-президенттің жақтастары тарапынан қоқан-лоққы көбейген
АҚШ тың Огайо штатында Федералды тергеу бюросына оқ атылған. Ғимаратқа баса-көктеп кіруге әрекет жасаған күдікті әрекетін жол патрульдік полициясы кесті.
Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, мылтықпен және тапаншамен қаруланған адам әуелі нысанға қарай оқ атқан. Бюро қызметкерлері қарсы қару кезенген соң оның оқиға орнынан қашып кеткені белгілі болды.
Жол полициясы қылмыскерді тас жол бойында бөгеп, қаруын тастауды талап еткенімен, нәтиже шықпаған. Атыс кезінде күдікті алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оның не себепті оқ атқаны әзірге белгісіз.
Десе де шабуыл Дональд Трамптың тергеуімен тікелей байланысты болуы мүмкін. Себебі Федералды тергеу бюросының қызметкерлері осы аптада оның үйін тінткен соң желіде экс-президенттің жақтастары тарапынан қоқан-лоққы көбейген.