Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды
Ол ұзақ жылдар салық органдарында еңбек еткен
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы қызметіне Данияр Жаналинов тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында туған.
Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген, мамандығы – экономист.
Еңбек жолын 2000 жылы салық инспекторы қызметінен бастап, 2008 жылға дейін Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.
2008 – 2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.
2010 – 2014 жылдары Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.
2014 – 2018 жылдары – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2018 – 2021 жылдары – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2021 жылғы тамызынан бастап Қаржы вице-министрі болып жұмыс істеген.