Halyq Uni логотип
×

Головкин қашан бокстан кететінін айтты

Ол 17 қыркүйек күні соңғы рет шаршы алаңға шығуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 12.08.2022 | 10:30
Головкин қашан бокстан кететінін айтты
фото: ашық дереккөз

Геннадий Головкин жақын арада қолғабын шегеге іліп, шаршы алаңнан кететінін айтты.

Мен қалай болғанда да карьерамды аяқтаймын. Альварестің көмегімен болсын, басқа жағдайда болсын шаршы алаңға шықпаймын. Шындыққа тура қарайық. Менің жасым 40-қа келді. Зейнет уақыты жақындап қалды, –  деп келтірген Головкиннің сөзін Fighter Channel Telegram-арнасы. 

Сондықтан Головкин 17 қыркүйек күні соңғы рет шаршы алаңға шығуы мүмкін. Осы күні ол Лас-Вегас (АҚШ) қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен кездеседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама