Кәсіпкер дизель отынын сатып, ақша жасаған

Дастан Жұмабекұлы

ЖШС басшысы 14,6 млн теңгеге заңсыз сатып алу-сатумен айналысқан

фото: ашық дереккөз

Алматыда «AA Trade Company» ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 млн теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталды. 

Сот үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.