Қарағанды облысында жантүршігерлік көлік апаты болды
Subaru жүргізушісі жол ережесін сақтамаған
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қайғылы оқиға 12 тамызда түнгі сағат 2.00 шамасында Ақтоғай ауданында болған. «Балқаш – Гүлшат» тас жолында 65 жастағы Subaru жүргізушісі ескерту белгілеріне қарамастан жолдың жөнделіп жатқан жеріне шығып, Shacman жүк көлігіне соқтығысқан. Shacman-ды 47 жастағы ер адам жүргізген.
Жеңіл көліктің жүргізушісі мен ондағы 2 жолаушы оқиға орынында көз жұмды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.