Ақмола облысында тұрғын үйден шыққан өрттен 2 бала көз жұмды
Балалар есін жимастан қайтыс болды
Ақмола облысы Жақсы ауданы Жаңа Қима кентінде тұрғын үйде өрт шығып, қараусыз қалған 2 бала көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, 2019 және 2017 жылы туған екі бала сіріңкемен ойнап, соның салдарынан жиһаз өртенген.
Түтінді көрген көрші терезені сындырып, балаларды таза ауаға шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен. Түтіннен уланған балалар Қима ауылдық ауруханасына дереу жеткізілген. Балалар есін жимастан көз жұмды, – делінген хабарламада.
Қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы аз уақытқа дүкенге кеткені анықталды.