Ауыр атлетикадан 55 кг салмақта сынға түскен Арли Чонтей чемпион атанды
Бүгін Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын жүлде түсті.
Ауыр атлетикадан 55 кг салмақта сынға түскен Арли Чонтей қоссайыс қорытындысында 253 кило көтеріп, Ислам ойындарының чемпионы атанды. Екінші орында – 252 кг көтерген Мансаур Алсалим (Сауд Арабиясы). Үшінші орында – Сатрио Нугрихо (Индонезия). Оның көрсеткіші – 244 кг.