Halyq Uni логотип
×

V Исламиада: Қазақстан спортшылары бір алтын, үш қола жүлде алды

Жеңілатлетші Михаил Литвин 400 метр қашықтыққа жүгіруден чемпион атанды

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2022 | 16:10
V Исламиада: Қазақстан спортшылары бір алтын, үш қола жүлде алды
фото: ашық дереккөз

Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан спортшылары тағы бір алтын медаль, үш қола жүлдені жеңіп алды.

Жеңілатлетші Михаил Литвин 400 метр қашықтыққа жүгіруден Ислам ойындарының жеңімпазы атанса, еркін күрестен балуандарымыз Рахат Қалжан (57 кг), Адлан Асқаров (65 кг) және Мамед Ибрагимов (97 кг) қола жүлдені иеленді. Сонымен спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді.

Жалпыкомандалық есепте 22 алтын, 18 күміс және 14 қола медальмен Түркия бірінші орында келеді. Екінші орындағы Иран құрамасында 8 алтын, 12 күміс және 7 қола жүлде бар. Олар бізден ұзап барады. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 9 қола медальмен үшінші орында тұр. Төртінші орындағы Өзбекстан 5 алтын, 5 күміс, 11 қола жүлдені иеленді. Бесінші-алтыншы орындардағы Әзербайжан мен Бахрейннің спортшылары бес рет чемпион атанды. Үздік жетіліктегі Мароккода 4 алтын.

Бүгін жарыс жолына жеңілатлетшілеріміз, велоспортшыларымыз, балуандарымыз бен ауыратлетшілеріміз шығады.

 

 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама