Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды
Аймақ басшысы Серік Шәпкеновтің үш орынбасары бар
Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызы Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің 2022 жылдың 3 тамыздағы №267 өкімі негізінде атқаратын лауазымынан босатылды», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің қызметінен кеткені хабарланды. Осылайша Бекенов пен Хаменованың орнына әкімнің жаңадан екі орынбасары тағайындалды. Олар: Қайрат Нұртаев пен Жасұлан Бисембиев. Аймақ басшысы Серік Шәпкенов екі орынбасарын актив отырысында таныстырды. Қазір Серік Шәпкеновтің үш орынбасары бар.
Айта кетейік, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот процесі жүріп жатыр.
ҚАЙРАТ НҰРТАЕВ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Нұртаев Қайрат Талапұлы Атырау мұнай және газ институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген. Экономика және бизнес магистрі.
Еңбек жолын 2004 жылы Атырау облыстық экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасында бас маманболып бастаған.
2005-2007 жылдары Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары болды.
2008 жылдан бастап Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басқармасының автокөлік жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2010-2017 жылдары Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының орынбасарыболды.
2017-2019 жылдар аралығында Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2019-2021 жылдары Құрманғазы ауданының әкімі болды.
2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі, 2022 жылдың қаңтарынан бүгінге дейін «БатысАльянсстрой» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.
ЖАСҰЛАН БИСЕНБИЕВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
Жасұлан Бисембиев Атырау политехникалық колледжін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінің әлеуметтану магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы «Жасыл ел» Атырау филиалында бастаған.
«Тарлан-Атырау» ҚБ төрағасы, «Атырау Ақпарат» МКК төраға көмекшісі, 2013 жылы «Атырау қаласы жастар ресурсы орталығын» басқарды.
2016 жылдың мамыр айында жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары болды. 2017 жылы осы басқарманың басшысы қызметін атқарған.
2017-2020 жылдары облыстық ішкі саясат басқармасының басшы болды.
2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін «Gate Insaat Taah.San.Tic.A.S.» компаниясының менеджері болды.
2021 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.