Halyq Uni логотип
×

«Z»: Сараньда танкке сепаратистік символды салған адам қамалды

Ол қаланың 54 жастағы тұрғыны болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 11.08.2022 | 10:59
«Z»: Сараньда танкке сепаратистік символды салған адам қамалды
фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысы Сарань қаласының соты «Z» таңбасын танк-ескерткішке салған адамды жеті күнге қамады.

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың хабарлауынша, қала тұрғыны 29 шілдеде таңертеңгі сағат 4-тің шамасында Екінші дүниежүзілік соғыста қираған танкіге арналған ескерткішке «Z» таңбасын салған. Оған «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылған.

Сол күні Қарағанды облысының полициясы 54 жастағы Сарань тұрғынының ұсталғанын хабарлаған. Полицияның айтуынша, қала тұрғыны саябақта танкіге сурет салған. Іс әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралған.

«Z» және «V» белгісі Ресейдің Украинаға басқыншылығының символына айналған. Соған қарамастан елімізде бұл таңбаларға ресми түрде шектеу қойылмаған.

Бұған дейін еліміздің жер-жерінде көліктеріне «Z» және «V» белгілерін жапсырған адамдарға айыппұл салынған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама