Елімізде бір күнде 1700-ге жуық адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1651 жағдайы тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 370,
- Алматыда – 185,
- Шымкентте – 16,
- Ақмола облысында – 109,
- Ақтөбе облысында – 82,
- Алматы облысында – 16,
- Жетісу облысында – 53,
- Атырау облысында – 48,
- Шығыс Қазақстан облысында – 29,
- Абай облысында – 26,
- Жамбыл облысында – 33,
- Батыс Қазақстан облысында – 118,
- Қарағанды облысында – 191,
- Ұлытау облысында – 37,
- Қостанай облысында – 89,
- Қызылорда облысында – 22,
- Маңғыстау облысында – 34,
- Павлодар облысында – 105,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 78,
- Түркістан облысында – 10.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 372 634 жетті.
Сондай-ақ 2458 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 1143,
- Алматыда – 503,
- Ақтөбе облысында – 69,
- Алматы облысында – 50,
- Жетісу облысында – 125,
- Атырау облысында – 16,
- Батыс Қазақстан облысында – 12,
- Қарағанды облысында – 367,
- Ұлытау облысында – 11,
- Қостанай облысында – 40,
- Қызылорда облысында – 74,
- Маңғыстау облысында – 25,
- Павлодар облысында – 23.
Елімізде барлығы 1 334 270 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
11 тамыздағы мәлімет бойынша 25 026 адам коронавирус инфекциясынан емделуде.
Оның ішінде 1 242 пациент стационарда, 24 692 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 38 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ.
- «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
- «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.