×

Цифрлық даму министрлігі «сұр майнерлердің» локациясын анықтауға кіріспек

Бағдат Мусин халықты майнингпен заңсыз айналысып жүргендерге қарсы күресуге шақырды

 Халық үні 03.02.2022 | 21:27
Бағдат Мусин, Цифрлық даму министрі

Соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте майнинг мәселесі жиі талқыланып жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «сұр майнерлер» Қазақстанның энергожүйесіне зардабын тигізіп жатқанын айтты.

Министрдің айтуынша, қазір заңсыз майнингтің энергошығыны 1 гигаваттан (ГВт) асады екен.

Бұл орайда қалыптасқан «сұр» нарықтың энергожүйеге түсіріп жатқан ауыртпалығы мен зиянын дәл бағамдау оңай емес. Бастысы, бұл кәсіпке де салық салынуға тиіс. «Сұр майнинг» - бұл экономикалық қылмыс, салық төлеуден жалтару! Ал қылмыс жасағандар жауапқа тартылуға тиіс, - деп жазды министр.

Бағдат Мусин «сұр майнерлердің» локациясы туралы ақпарат болса, оны тиісті министрліктегі мамандарға жолдауға шақырды. Сосын көрсетілген локациялар бойынша тексеру жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданады. Сондай-ақ майнингпен заңды түрде айналысуды қалаған кісілерге кәсіби кеңес беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама