Жетісайда бір мектептің барлық түлегі грант иегері атанды
Олардың 30-ы «Алтын белгіге», 21-і «үздік аттестатқа» ие болды
Түркістан облысы, Жетісай ауданы Б. Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгелдей мемлекеттік грантқа ие болды.
Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б. Момышұлы мектеп гимназиясының оқушылары биылғы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтады.
Мектепті бітіруші бес сыныптың 63 оқушысы түгелімен мемлекеттік гранттың иегері атанды. Олардың 30-ы «Алтын белгіге», 21-і «үздік аттестатқа» ие болды.
Айта кетейік, мектеп гимназияның орташа балы 105 болған. Аталған білім ордасынан соңғы 7 жылда 299 алтын белгі, 125 қызыл аттестат иегерлері шыққан.