Қаңтар-шілде аралығында шетелден көшіп келушілер көбейді
2022 жылдың 1 шілдесінде Қазақстандағы халық саны 19 246,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 479,6 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 766,7 мың адам (40,4%), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
2021 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 236,7 мың адамға немесе 1,2% өсті.
2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мауыммен салыстырғанда 7,7% кеміп, 128,9 мың адамды құрады.
АХАТ органдары мәліметіне сүйенсек, 2022 жылғы қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны былтырғыдан 8,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,76 болды. Көрсеткіш былтыр 22,94 болған еді.
Аталған кезеңде 69,2 мың адам қайтыс болды, көрсеткіш 2021 жылғы қаңтар-маусымдағыдан 9,6% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,25 адамды құрады.
2022 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 649 нәресте тіркелді. Бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,3% аз.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметке сүйенсек, 2022 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға 7 287 адам келсе, елімізден кеткендердің саны 12 344 адам. Көші-қон айырымы -5057 адамды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр осы уақыт аралығында келушілер 4595 адам болса, кеткендер 14192 болып, көші-қон айырмасы -9597 адамды құраған болатын.
|
Саны |
1000 адамға шаққандағы коэффициенті |
||
|
2022 қаңтар-шілде |
2021 қаңтар-шілде |
2022 қаңтар-шілде |
2021 қаңтар-шілде |
Табиғи өсім |
139,7 мың |
128,9 мың |
13,51 |
14,82 |
Дүниеге келгендер саны |
198,1 мың |
216,2 мың |
20,76 |
22,94 |
Қайтыс болғандар |
69,2 мың |
76,6 мың |
7,25 |
8,12 |
1 жасқа дейін шетінеген нәрестелер
|
1 649 |
1 688 |
8,32 |
7,81 |
Шетелден көшіп келгендер
|
7 287 |
4595 |
- |
- |
Шетелге көшіп кеткендер
|
12 344 |
14192 |
- |
- |
Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің және ТМД елдеріне көшіп кеткендердің жалпы сыртқы миргациядағы үлесі тиісінше 84,5% және 83%.
Ел ішінде қоныс аударушылар саны 1,4%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1 883 адам) қалаларында.