Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда туу көрсеткіші азайды

Қаңтар-шілде аралығында шетелден көшіп келушілер көбейді

 Бауыржан Мұқанов 10.08.2022 | 15:12
Қазақстанда туу көрсеткіші азайды
Фото: Halyq Uni

2022 жылдың 1 шілдесінде Қазақстандағы халық саны 19 246,3 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 479,6 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 766,7 мың адам (40,4%), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2021 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда халық саны 236,7 мың адамға немесе 1,2% өсті.

2022 жылғы қаңтар-маусымда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-мауыммен салыстырғанда 7,7% кеміп, 128,9 мың адамды құрады. 

АХАТ органдары мәліметіне сүйенсек, 2022 жылғы қаңтар-маусымда дүниеге келгендер саны былтырғыдан 8,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,76 болды. Көрсеткіш былтыр 22,94 болған еді.

Аталған кезеңде 69,2 мың адам қайтыс болды, көрсеткіш 2021 жылғы қаңтар-маусымдағыдан 9,6% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,25 адамды құрады. 

2022 жылғы қаңтар-маусымда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 1 649 нәресте тіркелді. Бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,3% аз. 

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметке сүйенсек, 2022 жылғы қаңтар-маусымда елімізге тұрғылықты тұруға 7 287 адам келсе, елімізден кеткендердің саны 12 344 адам. Көші-қон айырымы  -5057 адамды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр осы уақыт аралығында келушілер 4595 адам болса, кеткендер 14192 болып, көші-қон айырмасы -9597 адамды құраған болатын.

 

Саны

1000 адамға шаққандағы коэффициенті

 

2022

қаңтар-шілде

2021

қаңтар-шілде

2022

қаңтар-шілде

2021

қаңтар-шілде

Табиғи өсім

139,7 мың

128,9 мың

13,51

14,82

Дүниеге келгендер саны

198,1 мың

216,2 мың

20,76

22,94

Қайтыс болғандар

69,2 мың

76,6 мың

7,25

 8,12

1 жасқа дейін шетінеген нәрестелер

 

1 649

1 688

8,32  

7,81

Шетелден көшіп келгендер

 

7 287

4595 

-

-

Шетелге көшіп кеткендер

 

12 344

14192 

-

-

 

Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің және ТМД елдеріне көшіп кеткендердің жалпы сыртқы миргациядағы үлесі тиісінше 84,5% және 83%.

Ел ішінде қоныс аударушылар саны 1,4%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1 883 адам) қалаларында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама