×

V Исламиада: Қазақстаның қоржынына тағы бір қола медаль түсті

Үшінші орынды Жасурбек Қылышов иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 10.08.2022 | 10:45
фото: ашық дереккөз

Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында таэквондодан 54 килода сынға түскен Жасурбек Қылышов қола жүлдені жеңіп алды.

Бұл салмақта бас жүлдені Нигерия спортшысы Махамад Махарана иеленсе, екінші орыннан түрік спортшысы Дениз Дагделен көрінді. Екінші қола медальге ирандық Махди Хажимо ие болды.

Жалпыкомандалық есепте Түркия  бірінші орынды ешкімге бермесе, екінші орынға Иран құрамасы көтерілді. Қазақстан үшінші орынға түсіп кетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама