Әскери аэродромның күл талқаны шықты
Қырымның Новофедоровка елді мекеніндегі әскери аэродромда жарылыстар болып, жұрттың үрейін ұшырды.
Бұл туралы «The Moskow Times» порталы хабарлады.
Әскери аэродромда күндіз бірнеше рет қайталанған жарылыстар сериясынан кейін Қырымға демалуға келген туристер арасында сапырылыс туғызды.
Ресей қорғаныс министрлігі авиабаза «отты әрекеттер» болмағанын айтып сендіруге тырысса да жұрттың қорқынышы сейілмеді. Ал Қырымның басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің «барлық шараларын» қабылдауға уәде берді.
Бірақ жарылыстарды Украинаның шабуылы деп санап, содан қорқып, қашып бара жатқан жұртта есеп болмады.
Қырым көпірінде демде кептеліс пайда бола қалды. Көліктер нөпірі өткелге көп жетпей жатып-ақ басталды.
Қырымда жарылыстар болғаны туралы жаңалықтар түбектің жағалауына тез арада тарап кетті.
Қырым медицина министрлігінің хабарлауынша, жарылыстан бес адам зардап шеккен. Ал түбектің басшысы Аксенов бір адамның қаза тапқанын айтты.
Украина Қорғаныс министрлігі өздерінің бұл жарылысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Ресей тарапы оның қауіпсіздікті сақтамау салдарынан болғанын баяндады.
Соңғы мәліметке қарағанда, Украина жарылыстарды өз мойнына алды.