Halyq Uni логотип
×

Маңғыстауда электр жабдықтаушы ұйымның басшылығы сотталды

35 780 670 теңге көлеміндегі шығын өндіріп алынды

 Халық үні 10.08.2022 | 06:30
Маңғыстауда электр жабдықтаушы ұйымның басшылығы сотталды
ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында есептеу құралдарынан электр энергиясын ұрлағаны үшін электр жабдықтаушы ұйымның 9 басшылық қызметкері сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот бұл істі алдын ала сөз байласу арқылы бопсалаушылық, салық төлеуден жалтару, топтасып рейдерлік әрекет жасау, лауазымдық өкілетті теріс пайдалану бойынша қараған.

9 лауазымды тұлға «СКЗ», «Батыр», «Приозерный», «Рахат» қосалқы станцияларындағы есептеу құралдарынан рұқсатсыз электр энергиясын ұрлаған. Осылайша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-на және «МРЭК» АҚ-ға аса ірі мөлшерде залал келтірген. Айыптаудың кейбір баптары бойынша сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің, өздерінің айғақтарымен, заттай дәлелдермен және басқа да материалдармен дәлелденді. Кейбір баптар бойынша сотталушылар олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының болмауына байланысты ақталды. Прокурор барлық сотталушыларды кінәлі деп тануды және жаза тағайындауды сұрады, - делінген хабарламада.

Сот электр энергиясын ұрлаушы топтың 6 мүшесіне ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ екеуін 7 жылға, біреуін 6 жылға соттады.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның азаматтық талабы қанағаттандырылған. Келтірілген 35 780 670 теңге көлеміндегі шығын өндіріп алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама