Halyq Uni логотип
×

«Құм арасында ойнаған»: Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызға қатысты тың дерек шықты

Дәл қазір іздеу жұмыстарын мамандар арнайы жарық шамдарымен жалғастырып жатыр.

 Халық үні 10.08.2022 | 01:18
«Құм арасында ойнаған»: Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызға қатысты тың дерек шықты
ашық дереккөзден

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды іздеу жұмыстарына тартылған еріктілер оның ізіне түсті.

10 тамыз күнгі сағат 00:20-да тың дерек пайда болды. Бұл туралы еріктілердің бірі Асылан Кенжетай Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Айтуынша, жүгері алқабынан басқа маңда шөп арасындағы құмнан жалаңаяқ баланың іздері анықталды. Бұл жерде басқа адамдардың ізі жоқ. Сондықтан құтқарушылар бұл маңда жоғалған бала ойнаған деген болжам жасап отыр.

Дәл қазір іздеу жұмыстарын мамандар арнайы жарық шамдарымен жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, 7 тамызда таңғы 5.00-де Қостанай облысы Жамбыл ауылында 5 жасар Мәдина Ерланқызы жоғалып кеткен еді.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала терезеден шығып, үйден кетіп қалған. Мәдина аутизм дертіне шалдыққан әрі сөйлемейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама