×

«Ашық НҚА» порталынан жоғалған Асқар Маминнің құжат жобалары табылды

Қаулылар primeminister.kz-тің құжат-қаулы бөлімінде тұр

 Халық үні 09.08.2022 | 18:50
ашық дереккөзден

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Ашық НҚА порталында авторы Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Маминнің авторлығындағы құжаттардың көпшілігі неліктен көрсетілмей тұрғанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствода атап өткендей, «Ашық НҚА» порталы «Ашық үкімет» экожүйесінің бес модулінің бірі. Онда заң жобалары тұжырымдамалары мен нормативтік құқықтық актілер жобалары (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қамтымайтын) пайдаланушылардың қоғамдық талқылауы үшін орналастырылған.

Талқылау аяқталғаннан кейін портал азаматтардан түскен ескертулер мен олар бойынша тиісті мемлекеттік орган берген түсініктемелер туралы хабарламаны автоматты түрде қалыптастырады.

Үкімет қаулыларын келісу және бекітудің одан әрі рәсімдері «Ашық НҚА» порталын пайдаланбай жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қабылданған Үкімет қаулылары «Ашық НҚА» порталында орналастырылмайды. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне және нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Әділет министрлігіне жіберіледі. Қазақстан Республикасының құқықтық актілері кейіннен adilet.zan.kz сайтында орналастырылған. Сондай-ақ, жариялануға жататын қабылданған қаулылар Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсының (primeminister.kz) құжат-қаулы бөлімінде (мұрағат 2011 жылдан бері бар) тұр.

Сол сияқты, «Ашық НҚА» порталында кеңейтілген іздеу («мұрағат» мәртебесі бар) арқылы сіз барлық НҚА жобаларын, соның ішінде талқылау процедурасы аяқталған жобаларды таба аласыз. «Ашық НҚА» порталының «мұрағат» бөліміндегі НҚА жобалары жоюға жатпайтынын атап өткен жөн, - дейді Әділет министрлігі.

Еске сала кетсек, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мәмин авторы болып саналатын құжаттар жобалары "Ашық НҚА" мемлекеттік порталынан жоғалып кеткенін бұған дейін хабарлағанбыз. Егер іздеу жолына “Мамин” деп жазса, 2016 жылғы  бір ғана құжат шығады. Өзге нормативті актілер қолжетімсіз. Мұның себебі белгісіз болған.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама