Halyq Uni логотип
×

Алматыда екі көшенің қозғалысы ішінара бір бағытты болады

Өзгерістер 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі

 Динара Амантай 09.08.2022 | 16:29
Алматыда екі көшенің қозғалысы ішінара бір бағытты болады
Фото: Halyq Uni

Алматы қаласында екі көшенің қазғалысы жекелеген учаскелерде бір бағытты болып өзгертіледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, 11 тамыздан бастап Шәкәрім және Есенжанов көшелерінің қолданыстағы қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі.

Батыс бағытта Есенжанов көшесі бойымен Брусиловский көшесінен Тілендиев көшесіне дейін, ал шығыс бағытта Шәкәрім көшесі бойымен Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін бір бағытты көлік қозғалысы қарастырылған, – делінген хабарламада.

Бұл шаралар қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде аталған аудан тұрғындарының өтініштері негізінде, сондай-ақ көліктердің өткізу қабілетін арттыру және апатты жағдайларды азайту мақсатында қолға алынды.

Жұмыстарды Қалалық мобилділік басқармасы уәкілетті орган Алматы қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып жүргізеді.

Қала басшылығы тұрғындарға өзгерістердің енгізілуіне байланысты қозғалыс бағыттарын алдын ала белгілеуді және ҚР жол қозғалысы Ережелерінің барлық талаптарын сақтауға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама