×

«КазТрансГаз Аймақ» АҚ тарифтерді негізсіз көтерген – ҚМА

Заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 млрд теңге болды

 Динара Амантай 09.08.2022 | 15:16
Фото: kursiv.kz

Қызылорда облысында «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, аталмыш мекеменің 2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметінен түскен қаражаты 2,3 млрд теңге екендігі анықталды.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалымен газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған. Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу Комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді, – делінген хабарламада.

Нәтижесінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысының барлық тұтынушылары үшін газ бағасы 21% төмендегені туралы жаздық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама