×

АҚШ олигархтың Қазақстандағы 90 млн доллар тұратын ұшағын тәркілемек

Украинада соғыс басталғаннан кейін шенеунікке қосымша санкция салынды

 Еркеғали Болатұлы 09.08.2022 | 14:49
фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Федералды прокуратурасы Қазақстанда тұрған Airbus A319-100 жеке ұшағын қамауға алуға ордер берді деп хабарлады АҚШ Әділет министрлігінің ресми сайты.

Әуе кемесі РФ Мемлекеттік думасының депутаты және олигарх Андрей Скочқа тиесілі көрінеді. Еске сала кетсек, АҚШ-тың Андрей Скочқа қарсы санкциясы алғаш рет 2018 жылы енгізілген болатын. Ал оның 90 миллион доллар тұратын әуе кемесі Қазақстан аумағында биылғы наурыз айынан бері тұр.

Украинада соғыс басталғаннан кейін шенеунікке қосымша санкция салынды. Сонымен қатар, АҚШ Скочтың 98 метрлік яхтасы мен тікұшағын тартып алғысы келетінін тұспалдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама