Үкіметте «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы талқыланды
2022 жылы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру барысында елімізде 34 мың орынға 322 балабақша ашу жоспарланған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында айтты.
Министр аталмыш жоба барысында балабақша, мектеп, колледж және қосымша білім беру деңгейлері бойынша 12 көрсеткіш пен 20 іс-шара атқару қарастырылғандығын атап өтті. Оның айтуынша, былтырға қойылған міндеттер толық атқарылып, іс-шаралар 100 пайыз орындалды.
Атап айтқанда, 2021 жылдың қорытындысы бойынша:
Бұған қоса министр жобаның биылға қойылған мақсаттары мен міндеттеріне назар аударды.
2022 жылы 34 мың орынға 322 балабақша ашу жоспарланған болса, 6 айдың қорытындысы бойынша 12,9 мың орынға 140 балабақша ашылды, – деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен бірге биыл 1003 ауылдық мектепті жаңғырту және 214 мың орынға 225 мектеп салу жоспарланғаны айтылды. Бұған қоса жыл басынан бері 22 мың орынға 49 мектеп пайдалануға берілгені белгілі болды.