Halyq Uni логотип
×

Украинадағы соғысқа «Тобыл» батальоны барады

Ресейдің өңірлерінде еріктілердің 40 жасағы құрылды

 Дастан Жұмабекұлы 09.08.2022 | 10:03
Украинадағы соғысқа «Тобыл» батальоны барады
фото: livejournal.com

Ресейдің өңірлерінде Украинадағы соғысқа қатысатын еріктілердің 40 жасағы құрылды.

Бұл туралы «The Moskow Times» порталы хабарлады.

Өңірлерде Украинадағы соғыс үшін 40-тан астам жасақ құрылды. Бұл үшін еріктілерге 300 мың рубльге дейін төленеді, – делінген хабарламада.

Жастарды соғысқа жергілікті билік пен ардагерлер ұйымдары шақырып жатыр. Еріктілер Қорғаныс министрлігімен шартқа отырады. Мұнда соғысуға тілек білдірушілердің әскери қызметтегі тәжірибесі талап етілмейді.

Жасақтар территориялық белгілері бойынша жасалып жатыр. Сондықтан Татарстанда пайда болған отрядтар «Тимер» ( темір) және «Алға» деген атаулар алған. Петербургте «Кронштадт», «Нева» және «Павловск» деген топтар құрылды. Саха жеріндегі осындай құрылым жергілікті аңыз негізінде «Боотур» (яғни, батыр) деген аталды. Себебі, сахалар Эллей боотур өздерінің арғы бабалары болған деп есептейді. Осыған қарап, олардың өз жерлерін қорғайын деп жатқан сияқты. Приморье өлкесінен «Тигр» тобы шыққан. Пермь өлкесінде – «Парма» жасағы, Төмен облысында «Тобыл» батальоны, «Тайга» мергендер ротасы және «Сібір» артиллериялық дивизионы, Омбы облысында «Ертіс», «Авангард» және «Омь» атаулы бөлімшелер, Курск облысында «Сейм» материалдық-техникалық жабдықтау батальоны соғысқа баруға дайын тұр.

Шешенстанда «Север-Ахмат», «Юг-Ахмат», «Запад-Ахмат» және «Восток-Ахмат» деген батальондар құрылды.

Жасақтардың жасақталу шығындарын әр өңірдің әкімшіліктері көтеріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама