Бұл қызметке Болат Жорабаев келді
Жақында Президент жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды. Бүгін оған басшы тағайындалды.
Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстанның Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, – делінген Ақордада жарияланған өкімде.
Болат Жорабаев полковник әскери атағына ие. Ол бұған дейін Құрлық әскерлері бас штабы басқармасының басшысы, Арнайы операциялар орталығы элиталық бөлімшесінің командирі болған.
Одан бөлек, Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Жоламанов Құрлық әскерлері зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы қызметінен босатылды.