Еуропаға қауіп төніп тұр: «Ресей армиясы да, Украина да осы шабуыл үшін бір-бірін айыптап отыр»

Халық үні

Президент Владимир Зеленский Ресейді «ядролық терроризм» үшін айыптады

фото: trt.haber

Еуропаға тағы бір Чернобыль апаты тәрізді ядролық қауіп төніп тұр. Украинаның Запорожье атом электр станциясы артиллериялық шабуылға ұшырады. Бұл оқиға үшін қазір Мәскеу мен Киев бір-бірін айыптап отыр. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы мұндай нысанға снаряд жаудырудың өзіне-өзі қол жұмсаумен тең екенін ескертті.

Украинаның Энергодар қаласы маңындағы Запорожье Атом электр станциясы артиллериялық шабуылға ұшырады. Алайда, «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Еуропадағы алып ядролық кешен қазір жұмыс істеп тұр.

Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Токиоға сапарында осы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, қауіпті нысанға оқ жаудыруды суицидке теңеді.

«Ядролық станцияға жасалған кез келген - шабуыл өзін-өзі өлтірумен тең. Бұндай әрекеттер тоқтап, АЭС-ке МАГАТЭ өкілдерінің кіруіне мүмкіндік жасалады деп үміттенемін», - деді БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш. 

Қазір Ресей армиясы да, Украина да осы шабуыл үшін бір-бірін айыптап отыр.

Ресей жауынгерлері бұл станцияны наурызда басып алған. Киевтің мәлімдеуінше, ресейліктер шілденің ортасында оның аумағынан және маңынан Украина әскеріне снаряд жаудыра бастады. Қарсы жақ болса, радиацияның тарауынан қауіптеніп, ресейліктерге жауап бере алмай отыр. Ал, Президент Владимир Зеленский Ресейді «ядролық терроризм» үшін айыптады.

«Бүгін басқыншылар Еуропада өте қауіпті жағдай туғызды. Олар Запорожье АЭС-ін атқылап, мұндай әрекетке күніне екі рет барып отыр. Бұл - біздің құрлықтағы ең үлкен атом станциясы. Ал, оны атқылау қылмыс әрі террористік акт.
Бұны жоққа шығарған Кремльдің мәлімдеуінше, Украина армиясы дүркіндетіп ататын зымыран тасығышпен АСЭ-ке және әкімшілік ғимараттарға снаряд жаудырған»,- деді Зеленский.