×

Бүгін елордада жаңа университет ішін жаңбыр суы басты

Сондай-ақ әдеттегідей бірнеше көше көлшікке айналды

 Еркеғали Болатұлы 08.08.2022 | 14:37
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтандағы Astana IT University ғимаратын қатты нөсерден кейін су басты.

Оқиға орнында түсірілген видео елорда паблигінде жарияланды. Онда ғимаратта төбеден су сорғалап жатқаны көрініп тұр.

ЭКСПО-дағы Astana IT University ғимаратында оқу күні осылай басталды, - делінген видеоның сипаттамасында.

Сондай-ақ әдеттегідей бірнеше көше көлшікке айналды.

Еске сала кетсек, «Қазгидромет» РМК бүгін Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, жаңбыр жауатынын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама