Halyq Uni логотип
×

ІІМ 3 жылда 2 мыңнан аса көліктің заңсыз тіркеуге қойылғанын анықтады

Соның кесірінен мемлекетке 10 миллиард теңгеден аса залал келтірілген

 Еркеғали Болатұлы 08.08.2022 | 13:59
ІІМ 3 жылда 2 мыңнан аса көліктің заңсыз тіркеуге қойылғанын анықтады
фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі 3 жылда 2 мыңнан аса көліктің Қазақстанда заңсыз тіркелгенін мәлімдеді.

Қазір Өзіндік қауіпсіздік департаменті 7 өңірде жақын шет елдерден әкелінген көліктерді заңсыз есепке қою бойынша қылмыстық істерді тергеп жатыр.

ІІМ мәліметінше, соңғы 3 жылда заңсыз тіркелген көліктер кесірінен мемлекетке 10 миллиард теңгеден аса залал келтірілген.

Мысалы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері Шымкент қаласындағы жақын шетелдерден кедендік төлемдерді, кәдеге жарату алымын және мемлекеттік бажды төлемей әкелінген көлік құралдарын заңсыз есепке қою схемасының жолын кесті. Шымкентте қазақстандық есепке заңсыз қойылған 53 автокөлік бойынша мемлекетке 320 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірілді, – делінген хабарламада.

Қылмыстық топқа процессингтік орталық қызметкерлеріне жақын делдалдар, сондай-ақ ХҚКО-дағы «көмекшілер» деп аталатындар және жалған сенімхаттар жазып берген нотариустар кірген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама