Halyq Uni логотип
×

V Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстан 3 алтын жүлде алды

Бұдан басқа қоржында 1 күміс, 3 қола медаль бар

 Дастан Жұмабекұлы 08.08.2022 | 13:19
V Ислам ынтымақтастық ойындары: Қазақстан 3 алтын жүлде алды
фото: ашық дереккөз

Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдені жеңіп алды.

Велоспортта Әлішер Жұмақан жеке сайыста алтын медаль жеңіп алды. Рината Сұлтанова да үздік атанды. Дмитрий Носков осы жарыста екінші орынды иеленсе, Марина Кузьмина үшінші орынды қанағат тұтты.

Велоспорттан өткен командалық жарыста Светлана Пащенко (20 шақырым) қола медальге ие болды.

Исламиадаға қатысушы қалған 48 мемлекеттің спортшыларында әлі бірде-бір жүлде жоқ.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 3 қоламен жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орында келеді.

Бұл сында Түркия спортшылары топ бастады. Олардың қоржынында 3 алтын медальден бөлек 2 күміс және 2 қола жүлдесі бар.

Ойындардың ресми ашылу салтанаты 9 тамызда болады. 18 тамызда жалауы түсіріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама