Өрт кеше кешке басталған
Ақтөбедегі «Батыс-2» ауданында қоқыс полигонынан тағы өрт шықты, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Полигонға қатты тұрмыстық қалдықтар тасталады. Бұл жер жыл сайын өртенеді.
Ақтөбе облысының ТЖД мәліметінше, кешкі сағат 18:35-те қоқыс полигонынан өрт шыққаны туралы мәлімет түскен. Оқиға орнына 11 өрт сөндіруші мен «Табыс-Актөбе» компаниясының 10 қызметкері шұғыл жеткен.
Полигонда 1000 шаршы метр аумақ өртеніп жатыр. Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Мамандар өртті сөндіріп жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, биыл 16 шілдеде Ақтөбедегі қоқыс полигоны өртенген еді.