Оның танкке атқа отырғандай болып мініп алған скульптурасы Орталық саябақта тұр
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қанға малынған Путиннің танкке атша мініп алған ескерткіші қойылды.
Бұл туралы «УНИАН» хабарлады.
Нью-Йорктің Орталық паркіне танкке атқа отырғандай болып мініп алған Путиннің скульптурасы қойылды. Ресей диктаторының үсті түгел қан қызыл түске боялған, – делінген хабарламада.
Мүсінді Франциядан келген көше суретшісі Джеймс Коломина жасаған. Бұған дейін бұл скульптура Барселона мен Парижда болған екен.