×

Бүгін біраз өңірде шаңды дауыл тұрып, қара нөсер құяды

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында аптап ыстық сақталады

 Еркеғали Болатұлы 08.08.2022 | 10:27
фото: ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Республиканың оңтүстік жартысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы да мүмкін.

Республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, - делінген болжамда.

Таңертең және күндіз Қарағандының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында аптап ыстық сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ал Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, жаңбыр жауады. Бірақ күн +24+26 градус жылы.

Алматыда да күндіз ауа райы жауын-шашынды болады деп болжанып отыр, +31+33 градус ыстық.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, +33+35 ыстық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама