×

Шахмат олимпиадасында еліміздің әйелдер құрамасы үздік үштікке енді

Ал ерлер құрамасы 25-орынға жайғасты

 Еркеғали Болатұлы 08.08.2022 | 09:39
фото: ашық дереккөз

Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы кестеде 3-орынға көтерілді деп хабарлады Sports.kz.

Айта кетсек, Қазақстан әйелдер құрамасы 9-раундта Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңген еді. Бұл ретте Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева Қазақстанға жеңіс әкелсе, Бибісара Ассаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең аяқтады. Тоғыз раундтан кейін Польша құрамасы көш бастаса, одан кейінгі орында Үндістан құрамасы келеді.

Ал Қазақстан ерлер құрамасы 9-раундта Сербия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев ойынды тең аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңілді. Тоғыз турдан кейін Қазақстан ерлер құрамасы 25-орынға жайғасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама