Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгертіледі
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
Қазақстандағы мектептерде дене шынықтыру сабағындағы бағалау жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.
Қазіргі кезде дене шынықтыру сабағында бағалауды өзгерту мәселесін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында жұмыс тобы қарастырып жатыр, - деп жазды Е. Тоғжанов депутаттық сауалға жауабында.
Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы базасында 5-9 сыныптар үшін «Дене шынықтыру» сабағының оқыту бағдарламасына өзгерту мен толықтыру енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, елімізде 2022-2023 оқу жылында соңғы қоңырау 31 мамырда соғылуы мүмкін. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі Halyq Uni ақпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.