Асхат Оралов бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды
Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Оралов Асхат Раздықұлы тағайындалды.
Асхат Оралов бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
2020-2021 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.
Еске салайық, бүгін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа атқарып отырған қызметінен босату туралы тиісті өтініш беріп, оның өтініші қанағаттандырылды.
28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды. Сонда Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының құрылымын қайта қарау керектігін тапсырып, партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымын жоюды ұсынды.