×

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

Асхат Оралов бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды

 Халық үні 02.02.2022 | 19:22
Асхат Оралов, фото: rknews.kz

Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның атқарушы хатшысы болып Оралов Асхат Раздықұлы тағайындалды.

Асхат Оралов бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019-2020 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

2020-2021 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Еске салайық, бүгін Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа атқарып отырған қызметінен босату туралы тиісті өтініш беріп, оның өтініші қанағаттандырылды.

28 қаңтарда Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланды. Сонда Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының құрылымын қайта қарау керектігін тапсырып, партия төрағасының бірінші орынбасары лауазымын жоюды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47